Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шәкірттерін ұстаздары ұрып- соққан интернат басшысы жазаланды

Шәкірттерін ұстаздары  ұрып- соққан интернат басшысы жазаланды
ашық дереккөз
Балаларды ұрып-соғу дерегі туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Ол өздеріне аталған балалар ауылының тәрбиеленушісі көмекке жүгініп, директордың оқушыларды ұдайы ұрып-соғатынын айтқан. "Бала сенім телефонына қоңырау шалды. Ол өзін 9 жастан бастап 16 жасына дейін интернат директоры ұрып-соғып келгеніне шағымданған. Осылайша ол басқа балаларды да ұрып-соғатын көрінеді", - деді "Немолчиkz" қоғамдық қорының басшысы. Балалар үйінің тәрбиеленуші түсірген шағымнан кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу аяқталғаннан кейін және оқиғаның барлық мән-жайлары анықталғаннан соң директордың өз жұмысын жалғастыру-жалғастырмауы бойынша шешім қабылданады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар