Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тұрсынбаева жарнамалаған Kausar Trevl-ге алданғандар қаржысын қайтара алмай әлі сандалып жүр

Тұрсынбаева жарнамалаған Kausar Trevl-ге алданғандар қаржысын қайтара алмай әлі сандалып жүр
ашық дереккөз
Қазақстан бойынша алдандық деген мыңдаған адам "танымал жұлдыздар жарнамасына сеніп қалдық" деп отыр
Қажылық сапарға бармақ болған Алматы мен Шымкент тұрғындары «Кәусәр тревел» туристік компаниясына алданғандарын айтады. Бес парыздың бірін орындауға ниет еткендер сапар билетін алу кезінде әлеуметтік желідегі туроператорларды таңдаған. Жеңілдігі көп жарнамаға сеніп, тірнектеп жиғанымызды бердік дегендер, енді қағбаны айналудың орнына қаражатымызды кері қайтарумен айналысып жүрміз деп күйінеді.Бес парыздың бірін орындауға ниет еткен тұрғындардың басым бөлігі туроператор таңдау кезінде әлеуметтік желіге зер салдық дейді. Бұл жөнінде KYN.KZ тілшісі 31 арна жаңалықтарына сілтеме жасай отырып хабарлайды. "Кәусәр тревелді" танымал адамдардың жарнамалауы және өзге компаниялардан құны арзан болуы бірден елітіп әкеткенін жасырмайды. Осылайша әрқайсысы қасиетті сапар үшін 500 мың теңгеден санап берген. Ал, алдандық дегендердің саны күн сайын артып жатыр дейді. "Мына менің қолымда список тұр. Бұл жерде 800 адамның списогы. Бірақ ол мұнымен тоқтаған жоқ. Содан кейін бұл списокты екіге көбейту керек. Неге десеңіз, мысалы мен екі адамға алдым жолдаманы. Бірақ мен бұл жерде жалғыз өзім ғана жазылып тұрмын. Сондықтан өзіңіз ойлай беріңіз енді. Ары қарай екіге көбейткен жағдайда мың жарым адамға жетейін деп тұр",– дейді Алматы қаласының тұрғыны Роза  Қожабаева. Құлшылық жасауға ниет еткендер екі-үш ай бұрын ақшаларын төлеп қойған екен. Бірақ, қолымызға сертификат пен мөрі бар түбіртектен басқа ештеңе бермеді дейді. Ал қаражатты жеке адамға аударым ретінде де, қолма-қол ақшалай да бердік деп отыр. "Бір үйден 5 адам наличка алып барғанбыз. Олар алды да осындай сертификат, чек берді. Фискальный чек берген жоқ. Договор жасаған жоқ",– дейді алданғандардың бірі. "Кәусар тревелге" сенген шымкенттіктер де не қажылыққа бара алмай, не қаржысын ала алмай жүр. Полиция департаментіне келуден шаршадық деген жәбірленушілердің тергеу ісіне де күмәні көп. Сөздерінше, арада ай өтсе де өзгерген ештеңе жоқ. Уәдеге тойдық деген тұрғындар бүгін басқарма алдында жанайқайын жеткізді. "Ешқандай күмән болған жоқ. Өйткені жұлдыздар бізге кәдімгідей жарнамалаған. Белді, халқымыздың кәдімгідей алда жүрген тұлғалар жарнамалағаннан кейін біз бар иманымызбен сендік",– дейді  Шымкент қаласының тұрғыны Гүлзат Ибраимова. "Шымкенттің өзінен 200 дей жәбірленуші адам бар. Одан үлкен чатымыз бар. Ол жерде 700-ден астам жәбірленуші адам бар осы Кәусар трэвлдан алдандық, жәбірлендік деген. Маған берген ол қыздардың чектері мынау таварға арналған чек екен. Кәдімгі магазиннан сауда жасап алатын чек",– дейді Шымкент қаласының тұрғыны Арайлым Ашықова. Қажылыққа барамыз деп қаржысыз далада қалғандар тек Шымкент тұрғындары емес. Өздерінің алданғанын біліп қалалық полиция басқармасына бүгінде еліміздің әр аймағынан 120 азамат арыз түсірген. Ал орталықтың өзі қазір жабық тұр. Негізін салушылардың бірі алаяқтық бабы бойынша қамауда. Күдікті ретінде әзірге бір азамат қана ұсталған. "Бұл қылмыстық іс бойынша қазіргі күні күдікті қамауға алынған. Шымкент қаласының тұрғыны. 1996 жылғы. Қазіргі таңда тергеу құпиялылығына байланысты қылмыстық іс бойынша оны біз ақшасын қайтару-қайтармау жайында жария етілмейді",– деді Шымкент қалалық Еңбекші аудандық полиция басқармасы тергеу бастығының орынбасары Еркін Қаттабеков. Айта кетейік, қаңтар айында қажылыққа барамыз деп "Кәусар тревелдан" жолдама алған қазақстандықтар жолда қалған еді. Арзан бағаға сенген отандастарымыз компаниядан әлі күнге дейін соқыр тиынын да қайтармағынан айтады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар