Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Рахман Омардың ұлы анасын өлтіріп, өзіне шабуылдағандар жайлы толық айтып берді

Рахман Омардың ұлы анасын өлтіріп, өзіне шабуылдағандар жайлы толық айтып берді
ашық дереккөз
Рахман Омар бірінші жұбайының қазасына байланысты пікір білдірді
Айтуынша, актер Гүлдерайым Омарованы өлтірген қыздарды таниды екен.  Бұл тралы КТК арнасы жазды.
"Танитын адамдардың қолынан кетеді деп кім ойлайды? 2,5 жыл көріп жүрген қыздар. Қазақтың кәдімгі қарапайым қыздары панасыз жүрген. Қыздардың қатігез боп кеткендігі, сол болмашы тиын-тебенге адамның өмірін қиятыны. Бұл жерде тек ақша ғана емес, басқа да бір нәрсе бар сияқты", - дейді марқұмның бұрынғы күйеуі Рахман Омаров.

Өйткені марқұм бір нәрседен сезіктенетінін айтып, туған әпкесіне қоңырау шалыпты. Артынан ұлы іздеп барған. Бірақ ол да ажал құша жаздапты.

"Үйді қарап шығайын мен мамамды іздеп жүрген едім бір қарап шығайын деп неғылдым. Қыз маған сосын пышақпен атылды. Маған сұққысы келді пышақты. Бар күшіммен ұстап тұрдым. Үлкен денелісі маған жатып алды. Барлық күшімді қолға жинап, ананы итердім дағы үйден қаштымы", - деп айтып берді марқұмның ұлы Досхан Кәкімов.

Қанды қылмыс бойынша тергеу басталды. Ал күдіктілер 20-30 жас шамасындағы қыздар. Біреуі Түркістан облысы Шардараның тумасы. Қазір асылып өлмек болған қыз қолы кісенделіп ауруханада жатыр. Екінші күдікті қаладан кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Ал марқұмның артында үш ұлы қалды. Ортаншысы кеше ғана мектеп бітірсе, кенжесі небәрі 8 жаста. Бұған дейін балаларынан бөлек тұрып келген тележүргізуші анасынан айырылған ұлдарын өз қамқорлығына алмақ.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар