Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жедел жәрдем дәрігері науқасты жарты жолда тастап кеткен

Алматыда жедел жәрдем дәрігері науқасты жарты жолда тастап кеткен
ашық дереккөз
17 -дегі Сабина Мекембаева 6 күн аурханада жатып, есін жимаған күйі о дүниелік болып кетті.

 Сабинаның өліміне себеп болған жол апатында заңгерлер әйел адамды  кінәлі деп тапқанымен, қыздың ата-анасы  жүргізуші ер адам болды деп отыр. Бұл болжамды дәлелдеу мақсатында марқұмның ата -анасы оқиға куәгерлерін іздеп жүр.

Бұл туралы 31 арна жазды.

Осыдан екі апта бұрын Алматы Бішкек тасжолында Сабина Мекембаеваны көлек қағып кеткен.

“Менің қызым бар болғаны 17-де еді. Өзінің армандары бар еді. Жарқын өмір сүргенді жақсы көруші еді. Ешкімге жамандық жасаған емес,үнемі күліп жүретін”, – дейді Сабинаның анасы Эльмира Нурбаева.

Сабинаны “Алтын Ордаға” жақын тұрған жаяу  жүргіншілер өткелінде қағып кеткен. Оқиға болған сәтте   ол коллежден қайтып келе жатқан.  Ата-анасының сөзінше, көлік соққысынан Сабина алға алты метр ұшып кеткен. Көлік болса 40 метр жүріп барып, содан кейін ғана  тоқтаған.

Қыздың анасының айтуы бойынша, сол кезде жедел жәрдем көлігі оқиға орнынан өтіп бара жатқан. Бірақ дәрігер қызға бір рет қарап, көлігіне мініп, ары қарай өз жолымен жүріп кеткен.

“Сабина бізге бассүйек-мидың жабық жарақаты, ауыр ми жарақаты сынды бірнеше зақымдармен түскен еді. Мұндай жарақаттармен аман қалу екіталай”, – дейді дәрігер-травматолог Жамбыл Бералиев

“Куәгерлер көлікті ер адамның жүргізгенін айтты. Сосын ол азамат жоқ болып кетіп, орнына басқа әйел жол көлік оқиғасына кінәлі деп айыпталып отыр.  Бірақ біз ешнәрсе дәлелдей алмаймыз.  Бізге көлігінде видефиксаторы бар куәгер керек, өтінем, бізге әділдікті орнатуға көмектсеңіздерші”, – дейді Сабинаның әкесі Асқар Мекенбаев.

Шынайы ақпаратқа қол жеткізіп, негізінде кінәлі адамды жазалату мақсатында  Сабинаның анасы әр көліктің жүргізушісінен көмек сұрап жүр.

ІІМ-нен түсіндірме алу мүмкін емес. Себебі, біресе олардың біресе мерекелік іс шарамен, біресе іс-сапармен қолдары босамайды. Қайтыс болған қыздың жалғыз үміті куәгерлер ғана.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар