Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айуандықпен өлтірілген әйгілі қытайлық модельдің денесін жасыру үшін ет тартқыштан өткізген

Айуандықпен өлтірілген әйгілі қытайлық модельдің денесін жасыру үшін ет тартқыштан өткізген
ашық дереккөз
Модельдің қайын жұрты мен жұбайы мәйітті жасыру мақсатында ет тартқыштан өткізіп, сүйегін қайнатқан. Бұл туралы CNA ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазды KYN.KZ. Дерек бойынша аталған қылмыс Қытайдың Ганконг қаласында жасалған. 22 ақпан күні полицияға Эбби Чой есімді белгілі модельдің жоғалғаны туралы ақпарат келіп түседі. Іздестіру барысында модельдің ата-енесі мен қайын ағасы, сондай-ақ күйеуі тұтқындалды. «Эббидің жеке жүргізушісі болған өз қайын ағасы қылмыс жасалған күні келінін жұмыстан соң қала сыртындағы жалдамалы үйге апарады. Сол үйде қайын жұрты келіншекті өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Қазір басын іздеп жатырмыз», - дейді полиция қызметкерлері. Жалдамалы үйден екі үлкен ыдыс пен ет тартқыш, адамның паршаланған дене мүшелері де табылған. Полицияның алдын ала болжамы бойынша адам шошырлық қылмысқа ақша себеп болуы мүмкін. Ата-енесі келінінің тапқан қомақты ақшасын дұрыс бөліспейтініне ренжіп, балаларын қылмысқа итермелеген тәрізді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар