Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушінің жұбайы көпшілікке алғыс айтты

Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушінің жұбайы  көпшілікке алғыс айтты
ашық дереккөз
Әнел: Ең әуелі Асқарыма бас иіп рахметімді айтамын
 Қаһарман Асқар Забикулиннің жұбайы Әнел Алғыс айту күніне орай көпшілікке алғысын жеткізді. Бүгінде екі қыз тәрбиелеп отырған жас ана ерлікпен қаза болған жұбайын еске алып, көпшіліктің көзіне жас ұялатты, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.
"Асқарыма бас иіп рахметімді айтамын. Менің жан-жарым болғаны үшін, жақсы-жаман күндерде әрқашан жанымнан табылғаны үшін, барлық еркелігімді көтере алғаны үшін, сүйікті жарым деп мені ғана атағаны үшін, тәп-тәтті қыздарымыздың әкесі болғаны үшін, әке деген құрметті атқа лайық болғаны үшін, біздің арқа-сүйер тірегіміз болып, жан-жылуын төккені үшін, жұмыстан үйге қайтқанда үнемі күліп кіріп, жарық шуақ сыйлағаны үшін, мені, балаларды қуанту үшін бар жағдайды жасағаны үшін, отбасы үшін күні-түні демей еңбек етуге әзір болғаны үшін, бақытты отбасы болуға барынша талпынғаны үшін алғысым шексіз. Алғыс айтудан шаршамаймын да.
Одан кейін ата-анама, бауырларыма, ағайын туысқандарыма алғысымды айтамын.
Алғысымды жабыққанда жанымнан табылған, қиналғанда маған қарайласқан, маған демеу болған достарыма айтамын.
Және де біздің тілеуімізді тілеп, үнемі дұғаларыңызға қосып жүрген Сіздерге де алғысымды айтамын.
Ұмытпаңыз! Мұсылманның әр күні алғысқа толы! Біз үнемі тілімізбен де, жүрегімізбен де Аллаға, адамдарға алғыс айтудан тынбауымыз керек",-деді Әнел Забикулин.
Асқар Забикулин астана қаласында көпқабатты үй өртенген сәтте өз өмірін қатерге тіге отырып, от құрсауында қалған адамдарды құтқарған еді. Денесінің 80%- і күйген жігіт ауруханада үш күн жатып, жан тапсырған еді. Қазір астанада Асқар Забикулин атындағы көше бар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар