Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада 34 жастағы мектеп директоры күйеуін пышақтап өлтірді

Астанада 34 жастағы мектеп директоры күйеуін пышақтап өлтірді
ашық дереккөз
Әріптестері өте іскер деп мақтаған мектеп директоры депутаттыққа түсіп жатқан
Астанада № 65 мектеп директоры әрі мәслихат сайлауына кандидат ретінде тіркелген келіншек күйеуін пышақтап өлтірген. Қайғылы оқиға ерлі-зайыптылардың шаңырағында болған екен. Ішкі істер органдарының мәліметінше, қарапайым отбасылық жанжал осылайша бір жанұяның қара жамылуына әкеп соққан, деп жазды KYN.KZ тілшісі  "Информбюро" жаңалықтарына сілтеме жасап. Бір анығы 34 жастағы мектеп директоры суық қаруды қорғану мақсатында пайдаланған. Астананың оң жағалауында орналасқан 65-ші мектеп ұжымы бүгінде төбелерінен жай түскендей жай кешуде. Өйткені бір айға еңбек демалысына өтініш жазып кеткен директор бар-жоғы алты күннен кейін мұндай ауыр жағдайда қалады деп ойламаған едік дейді. Еңбек өтілі 10 жылдан асатын биология пәнінің мұғалімі, кейіннен директор болған Нұргүл Елекеева өз ісіне тиянақты, жауапты маман дейді бірауыздан мектеп ұжымы.   "Өте еңбекқор адам. Өте ашық адам. Өз ісін өте жақсы біледі. Организаторские способности өте жоғары деңгейде. Иә, әрине бұл жақсы жағдай емес. Өзіміз де төбемізден жай түскендей болып қалды",– дейді Астана қаласы №65 мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлназ Токишева. Отбасылық жанжал мына Ілияс Омаров көшесіндегі үйде шамамен түскі уақытта болған. Құзырлы органдардың айтуынша, әуелі күйеуі пышақпен әйелінің мойнын тіліп өтіп, кейіннен кеуде тұсын жарақаттаған. 34 жастағы келіншек өзін өзі қорғау мақсатында жарына суық қару ала жүгіріп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталыпты. Ал осы үйдің тұрғындары сол күні ешқандай шуды естімегендерін айтады. Қазір мектеп директоры бірнеше дене жарақатымен хирургия бөлімінде жатыр. Ота жасалып, денсаулығы бір қалыпты болған соң тергеу амалдары басталады. "26 ақпан күні Астана қ. ПД "102" арнасына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, пышақ жарақатымен әйел ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды",– деген хат таратты Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Айта кетейік, мектеп директоры мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелген. Енді аймақтық сайлау комиссиясының айтуынша партия кандидатты өз тізімінен ысыру туралы өтініш хат жолдауы тиіс. Әзірше партия тарапынан мұндай өтініш келіп түспепті.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар