Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айжұлдыз Адайбекова: Анамның тағдырын қайталадым

Айжұлдыз Адайбекова: Анамның тағдырын қайталадым
ашық дереккөз
Блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова Айнұр Ілиясова жүргізетін "Момский әңгіме" жобасында қонақ болып, ішіндегі жан сырымен бөлісіп, оқырмандарын мазалаған бірнеше сұраққа жауап берді деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Айжұлдыз Адайбекованың айтуынша, жүктілік кезінде жұбайынан лайықты қолдау көрмеген. Бұндай жағдай өзінің анасы Жанар Айжанованың да басынан өткен екен. Айырмашылығы - Жанар Айжанова жүкті кезінде жолдасы өмірден өткен, ал Айжұлдыз жүкті кезінде күйеуімен дәм-тұздары жараспай бөлек кетеді. "Мамамның аяғы ауыр кезде папам авариядан қайтыс болды. Бұл енді басқа нәрсе. Ал негізі менің әкем өте жанашыр, қасында жүретін жақсы адам болған екен. Кейін мен өзімді, өз тағдырымды шамадан тыс қазбалай бастадым. Былай қарап отырсам, мен анамның тағдырын қайталағандаймын. Өйткені тура сондай айлық кезде анамда болған жағдай менде де болды. Тек біраз өзгерістер бар, заманауи нұсқа. Бір шетінен бұл карма шығар деп ойладым. Мүмкін, ата-анам жағынан соңына дейін жасалмай қалған бірдеңе бар шығар? Сол кезде бәрін зерттей бастадым. Тіпті, папамның жатқан жеріне барып қайттым Ақтөбе жаққа. Бір нәрсе дұрыс еместігін сездім. Негізі әкемнің туыстарымен қатты жақын араласамын дей алмаймын. Мамам кішкентай кезімде апарып тұрды. Ал өз еркіммен, саналы түрде барған кезім осы еді. Бардым, бәрін айттым, құранымды бағыштадым",- деді Айжұлдыз.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар