Басты жаңалықтар
Созақ ауданынан шыққан 18 жастағы емші қыздың қасиетіне сенгендер ол оқитын университетті торып жүр
- автор kyn.kz
- 2 наурыз, 2023
- 2.0k
Арбаға таңылған қызды аяққа тұрғызғанын көргендер студент қыздан ем жүргізуді өтініп сұрайды екен
Созақ ауданында қаршадай ғана емші қыз бар. Небәрі 18 жастағы бойжеткен омыртқа, буын, тізе ауруларын емдейді әрі сынықшы. Аружан адам емдемесе сырқаттанып қалады екен. Талай жыл жүруден қалған науқастарды дертінен құлан таза айықтырған емшінің сыры неде?
Аружан Арынның емшілікпен айналысып жүргеніне екі жыл болыпты. Арбаға таңылған аруды аяққа тұрғызғаннан кейін Аружанның атағы дүркіреп кетеді.
"Былтыр мектепті Алтын белгіге бітірдім. Биыл Түркістан облыстық университетіне химия факультетіне оқуға түстім. Мен адам қарауды екі жыл бұрын бастаған едім.Үйдің жалғыз қызы болғандықтан мұны жасырын ұстадық. Ешқайда шығармадық. Емделгендер бір-біріне айтып, содан қаралғысы келетіндер көбейіп кетті",- дейді Аружан Арын.
Қазір студент қыздың қасына қалаға нағашы әжесі келген. Өйткені Аружанды іздеп, емін алуға арнайы келетіндер көбейіп кеткен.
"Мен Аружанның нағашы әжесімін. Мұндай қасиет біздің арғы атамызда бар еді. Оның тәуіпшілігі бар еді",- дейді Серікгүл Құдиярова Аружанның нағашы әжесі.