Басты жаңалықтар
Жемқорлардан тәркіленген 120 миллиард мектеп құрылысына жұмсалатын болды
- автор kyn.kz
- 3 наурыз, 2023
- 350
Жемқорлардан тәркіленген 120 млрд теңге арнайы шотта сақтаулы тұр. Қаржы министрінің айтуынша, ол ақша оқу-ағарту министрлігінің арнайы тізімін күтіп отыр екен, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Шетелге заңсыз шығарылған қаражат мектеп құрылысына жұмсалады. Қомақты ақшаның бір бөлігі алдымен ескіріп тұрған білім ошақтарын жөндеуге бөлінеді дейді Ерұлан Жамаубаев. Қалған қаржы үш ауысымдағы мектеп мәселесін шешуге бағытталады.
"Бүгінде бұл шотта 120 миллиард теңге бар. Біз оқу-ағарту министрлігінен өтініштер күтеміз. Жөндеу қажет ететін мектептерге ақша бөлеміз. Үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі. Онда оқу бөлмесін кеңейту қажет. Өтініштер жинақталғаннан кейін республикалық бюджет комиссиясына шығарамыз, содан кейін бұл ақшаны өңірлерге жібереміз",- дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.