Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Басқа елдерде "әдепсіздік" деп саналатын израильдіктердің әдеттері

Басқа елдерде "әдепсіздік" деп саналатын израильдіктердің әдеттері
ашық дереккөз
Израиль сыртқы келбеті мен мәдениеті жағынан басқаларға ұқсамайтын ерекше ел. Келушілерге әрқашан түсінікті бола бермейтін ерекше ережелері бар. Сондықтан көптеген адамдар үшін бұл елдегі өмір қиынға соғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Израильде жұмыс аптасы жексенбі күні  басталады. Демалыс күндері - жұма және сенбі, бірақ ерекше шарттарымен. Сонымен, барлығы жұма күні сағат 14:00-де жұмысын тоқтатып, сенбі күні сағат 18:00-ден кейін қайта жалғастырады. Израильде демалыс күндері Шаббат деп аталады және Таураттың қасиетті еврей кітабының ережелерімен реттеледі. Осылайша, еврейлерге жұма және сенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Барлық дерлік мекемелер жабылады, қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатады. Тек аэропортпен медициналық қызмет көрсету орталықтарының және төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеуі мүмкін. Тағы бір қызық жәйт Израиль компанияларындағы қызметкерлер кез келген уақытта үзіліс жасай алады. Сонымен қаттар оларда тамақтың бір адамға арнап салатын мөлшері өте үлкен. Израильдегі барлық тағамдардың калориясы жоғары, өйткені оның құрамында көмірсулар көп. Израильде әрбір мереке ерекше түрде тойланады. Біріншіден, барлық қызметтер мен дүкендер жұмысын тоқтатады. Екіншіден, әрбір мереке үшін белгілі бір ережелері бар: не жеу керек, не кию керек және өзін дұрыс ұстау керек. Елдегі ең жарқын мерекелердің бірі - Пурим. Ол бір аптаға созылады және бүкіл ел бір үлкен карнавалға айналады. Балалар мектепке костюм киеді, ал ересектер жұмысқа жатарда киетін киімімен барады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар