Басты жаңалықтар
"Аңқау елге арамза молда": Рысбала Икрамбай әлеуметтік желіде ақыл айтып, курстарын сататын психолог мативаторларды сынға алды
- автор kyn.kz
- 4 наурыз, 2023
- 1.4k
Жағдайы нашар отбасыларға 50 шақты баспана сыйлап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүрген танымал блогер Рысбала Икрамбай "Менің Өмірім" бағдарламасына сұхбат беріп, өзінің жеке өміріндегі құпияларымен бөлісіп, әлеуметтік желіде ақыл айтып, курс сататын психологтарға шүйлікті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Мен енді атын атап түсін түстемеймін, Алладан басқа ешкімнен қорықпаймыз, ешқайсысы біздің асытымыздағы атымызды тартып алып, иығымыздағы шапанымызды шешіп алмайды. Менің қарным ашатыны мынау телефон жақсы, әлеуметтік желі жақсы, бірақ қай кезде болса да, жаман тұсы бар. Өмірдің өзі ақ пен қарадан тұратын сияқты, әлеуметтік желі арқылы қаншама азаматты баспаналы қылып жатырмыз халықтың арқасында, ал мына жақта халықтың аузын айға қаратып, өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай қылып, аңқау елге арамза молдалар мынау жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты топырлап шығып кетті ғой.
Өзі кеше күйеуге тиеді бірақ, көптеген әйелдерге айтады апта сайын күйеуіңнен гүл алуды, күйеуіңнің махаббатына бөленіп, күйеуің тек қана көзін ашса да, жұмса да сені көретін қылып қоюды менің мативаторлық курсымнан үйренесіз дейді. Одан кейін қараңыз өзінің баласы тау қопарып, тас жарған жоқ. асудан асып белесті бағындырған жоқ, елге "Сен балаңды дұрыс тәрбиелеп жатқан жоқсың, сенің балаңа дұрыс тәрбиелеуде мен үйретемін" дейді. Одан кейін өзінің күйеуі жоқ, енесі жоқ бірақ сондай әйелдер отырып алып, сыпсыңдап қаншама қазақ әйелдерін бетіне қаратып, өзі құдай емес, бірақ құдайдан былай емес, "Мен саған енеңмен, күйеуіңмен қарым-қатынасыңды түзеуді үйретемін" дейді. Өзің диуанасын, кімге пір боласың", деп желіде психологиялық тренингтер өткізетін коуч, мативаторларды сынның астынан алды.
Рысбала тағы өзінің әкесіз өскенін айтып, өміріндегі ең үлкен қателігі "Қалауым" бағдарламасына қатысқаным", деп өткенге өкінішін білдірді. Тұрмысқа шыққаннан кейін енесімен қарым-қатынасында да, мәселе болғанын жасырмады.