Басты жаңалықтар
Қалаубаева өзін Нұрлан Әлімжанның отбасын ойрандады дегендерге жауап берді
- автор kyn.kz
- 30 маусым, 2018
- 4.2k
Жұрт қос әншіні тек сахнада емес, өмірде де бірге деп соңғы кездері жиі сынайтын болған
Әншінің жеке парақшасына "Нұрлан Әлімжанның отбасын ойрандадыңыз, үш баласымен ажырастырдыңыз" деген айыптаулар соңғы кездері жиі жазылатын болған.
Көпшілік бұл болжамның рас өтірігін білмей тұрып, балалардың тағдырына алаңдап кеткен еді. Айгерім Қалаубаева халықтан тура осындай қаралауларды алдағы уақытта тоқтатуды сұрап, мән жайды былайша түсіндірді.
"Ия,біз Жансая екеуміз мықты екенбіз мына "мықты" сізге қарағанда! Қаншама теріс ойлы пікірлерге,дұрыс емес ойлар мен ауыр сөздерді жұтып,сабырлық танытып жүрміз!
Себебі,қалың елдің алдында қазақ қыздары және үйінде қазақ қыздарын тәрбиелеп отырған аналар деген атымыз, затымыз бар!!! Жансаяны сыйлаймын,үш баласына мықты тәрбие беріп,ер азаматын бір де бір даттамады! Мықтылық! Нурлан ешқашан отбасын қараусыз қалдырған емес!
Қалдырмайды да! Кімнің кесе-шәйнегі сылдырламайды?! Бәріміз де күніне тілімізбен 5-рет ажырасып,5-рет қосылып жатамыз! Бұл-өмір,тағдыр!!!
Өзіме келер болсам... Шүкір,төрт құбылам тең!!! Арқа сүйер ер азаматым аман болсын! Балапандарым әке-шешесінің,ата-әжелерінің көз алдында өсіп жатыр! Басқа не керек?! Ал,жұрттың ер азаматтарында шаруам жоқ! Маxаббатыма берікпін!!!
Нурлан және Мен руxани,шығармашылығымыз келіскен достармыз. Болмысы қандай сымбатты болса,жан дүниесі дәл сондай жан!
Ал,сізді құрматті жерлесГүлнар xаным,Жаратқан кешірсін деймін! Біздің күндігіміздегі қаншама күнәларымызды Алла кешіргенде,мен кешіре алмайтын кіммін?! Кештім!!!
Аузыңыздан шыққан запыраныңыздысол күйі артқа жұтқаныңыз абзал!!!",- деп жазды Айгерім Қалаубаева.