Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте бүтін бір ауылдың көшесінде ондаған қойдың басы шашылып жатыр

Шымкентте бүтін бір ауылдың көшесінде  ондаған қойдың басы шашылып жатыр
ашық дереккөз
Тұрғын: Біреу түнделетіп көшемізді дуалады ма деген де күдігім бар
Шымкент тұрғындары үйлеінен шыққандағы жол бойында шашылып жатқан қой бастарына алаңдай бастады. Көлік жүруге арналған жолдың бойында қой басы мен ішек- шабағы шашылып, шыбындап жатыр. Тұрғындар не істерін білмей бірден полиция шақырған, деп жазды 31 арна.  width= "Таңғы жетіде тұрып, көшеге шыққан едім. Қарасам көшенің бойы түгел бауыздалған қойдың басы мен ішкі құрылыстары",- дейді Шымкент тұрғыны Владимир Мрадин. Тұрғындар бірігіп жинап тастаудыда ойлаған, бірақ кей азаматтар "дума жасалған болуы мүмкін, аса қауіпті дерт жұқтырармыз "деген болжамдар көбейген. Қой құлағындеғы еннің номерлері бір отардың қойлары екенін білдіріп тұр. Себебі, алғашқы үш сандары бірдей. Жергілікті жауаптылар Ордабасы ауданының қойлары деп отыр. Мал дәрігерлері қой иесін анықтап, мекенжайын полиция қызметкерлеріне берді. Енді бұл тәртіпсіздіктің себеін полиция зерттейтін болады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар