Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында екі азамат әйелді үйінен күштеп әкетіп, наркоорталықта белгісіз екпе жасатқан (видео)

Алматы облысында екі азамат әйелді үйінен күштеп әкетіп, наркоорталықта белгісіз екпе жасатқан (видео)
ашық дереккөз
Әйелдің ұрлануын, осындай жағдайға түсуін жоспарлаған туысы екі ер адамға 30 мың теңге төлепті
Алматы облысына қарасты Талғар ауданының тұрғынын екі ер адам өз үйінен күштеп алып кетіп наркологиялық орталыққа жатқызып, белгісіз екпелерді жасаған. 36 жастағы бір баланың анасы Диана Сабазова телеарналар мен кино саласында аудармашы болып он бес жылдан артық еңбек еткен. Бүгінде ойламаған жерден осындай жағдайға тап болғанын көрген түстей түсіне алмай отыр, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.
Диана Сабазованың әріптесі әрі құрбысы желідегі парақшасына болған жағдай бойынша видео жүктеп, ақпарат таратты.
"Сұмдық! Менің құрбым - ақыл-есі түзу, дені сап-сау, ешқандай есепте тұрмаған,  бірнеше тіл білетін аудармашы Диананы ешқандай соттың шешімінсіз, тапа-тал түсте, наркологиялық орталықтың адамдары Талғардағы өз пәтеріне басып кіріп, киіндіріп алып шығып, көлікке малша тиеп, Мақатаев көшесі, 10 мекенжайына, НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРГЕ алып кеткен!!!
Үстіңізден шағым түсті, сіз бірдеңе қолданады екенсіз, орталыққа апарып, анализ тапсырамыз деп айтқан зіңгіттей екі ер адам оны күштеп ішке кіргізіп жіберген (төмендегі видеода қалай алып кетеені бар). Ол жақтағылар әй-шайға қарамастан, ешқандай сұрағына жауап берместен күштеп есігі құлыптаулы палатаға жатқызып тастайды. Тіпті күштеп шешіндіріп, арнайы киім кигізеді. Оған қоса, сол сәтте жамбасына алқызыл түсті сұйықтық укол салады. Құрбым, мең-зең болып, есінен адасып қалады.
Екі күн бойы бірде-бір сұрағына жауап бермей, осылай укол, система салумен болады.
Екі күннен кейін оны анасы шығарып алады. Әлгілер күштеп апарғанда жыртылған куртка анасының қолында дейді.
Білдей республикалық мекеменің сап-сау адамды үйінен бұлай зорлықпен алып кетуге қандай хақы бар?
Кеше осы оқиғаны естігелі бері мен де өзімді қоярға жер таппай жүрмін. Бұл не сұмдық? Адамды қорлау, күш көрсету, сот шешімінсіз диспансерге тығатын қандай елде өмір сүріп жатырмыз өзі?  Жабайы қоғам ба бұл? Қандай негізде адамның жеке басына бұлай қауіп төндіреді? Кім оларға хақ берді? Сонда әркімді де осылай үйінен алып кетіп, еш негізсіз қамап тастай бере ме?
Оған қоса, енді құрбым шырылдап, қанынан психотропты зат барын анықтап, Наркология орталығын сотқа берейін десе, Алматыдағы Invitro лабораториясы тапсырған қанын төгіп тастаған ба, бірдеңесі бар. "Материалды Мәскеуге жібереміз, жолда төгіліп қалған" деп айтатын көрінеді.
Ал Талғар аудандық РОВД бұл істі мүлде басқа статьяға ауыстырып жіберіпті. Мұны естігенде төбе шашым тік тұрды. Сонда бұлардың бәрі бір-бірімен байланысты болғаны ма?
Жазатын көп нәрсе бар. Қазір қысқа ғана жаздым. Мұндай масқараны бұрын фильмнен көруші едік. Енді өмірде болып жатыр",- деп жазды Баян Хасенова желідегі парақшасында.
Соңғы мәліметтерге сай  Диананың ұрланып, арнайы ауруханаға жатқызу мақсатында жақын туысы екі ер адамға 30 мың теңге төлегені анықталып отыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар