Басты жаңалықтар
Мұхтар Тайжан: Мықты болсаңдар өз отбасын сақтай алмаған, жалғызбасты президентіміздің өмірін талқылаңдар
- автор kyn.kz
- 6 наурыз, 2023
- 286
Экономист Мұхтар Тайжан ата- анасының ажырасқанын айтып, азаматтық абыройына кір келтіргісі келетіндерге жауап берді
Экономист әрі саясаткер Мұхтар Тайжан желідегі парақшасында ата- анасының ажырасқан сәтін сөз етіп, азаматтық, адамдық абыройын түсіруге тырысатындарға шүйлікті. Тіпті, мемлекет мүддесінде жеке басты, жеке отбасылық өмірді талқылау ұят екенін тілге тиек етті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Кей Аманаттықтар, мемлекеттік БАҚ журналистері сөзталастарда менің отбасымды талқыға салып жүр. Иә, анам мен әкемнің 1983 жылы мен 9 жаста кезде ажырасқандары рас. Анасы мен әкесінің ажырасуына, шешіміне балалар жауапкершілік артпайды, сонда да бұл сөз менің соңымнан әлі қалар емес.
Олай болса, мен өзім құрған отбасы үшін жауап беруім керек. Мен тіпті өз отбасым үшін жауап бере аламын, мақтан тұтамын. Айгүл екеумііздің отбасымыз 1996 жылы құрылды. Қазір дос болып араласқаннан бастап есептесем отыз жыл бірге екенбіз.
Жаратқанның берген сыйы болар, отбасымызда егіз ұл мен қыз дүниеге келді. Балаларымның тәрбиесі мен еңбекқорлығын мақтана айта аламын. Олар кей байдың балалары сияқты барда төбелесіп, шу шығарып жүретін жастардан емес. Ішімдік ішпейді, темекі шекпейді оны сенімді түрде растаймын. Қазір Санжар мен Ажардың жасы 25-те. Олар өздері таңдаған, ұнаған салада еңбек етуге кірісті. Олардың ісі өнеріне сенемін.
Сондықтан қымбатты өсекшілер, біреудің отбасын талқыламас бұрын айнаға ұзақ қараңыз. Өз отбасыңызда барлығы ойдағыдай ма? Қазір сіздерді, өзі құрған жеке отбасын сақтай алмаған жалғызбасты президент басқарып отыр. Оның жеке өмірін неге талқыламайсыздар? Қорқасыздар ма?
Мен өз отбасымның теңдесіз әкесімін, отағасымын деп санаймын. Айгүл екеуміздің жастай бастаған жобамыздың нәтижесіне көңілім толып, марқая қараймын. Мұндай жетістікті, бақытты әр отбасына тілеймін",- деп жазды Мұхтар Тайжан.