Танымал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева инстаграм әлеуметтік желісінде ақындармен түскен суретін жариялап, естеліктерімен бөлісті деп, хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
"2008-жыл. Ақындар айтысы. Айтыстың жанашыр қарагері, айтысты өрге сүйреп шайтанның да тілін тапқан менеджері- Жүрсін Ерманов ағамыз, ақын-әнші-жыршысын қосып, Парижде ақындар айтысын жасаған кезі.
Түркия, Голландия, Австрия, Англиядағы қазақтар айтысқа келіп, Францияны шулатқан кезіміз.
Сол кездегі мецанттар-Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсеноа спонсор болып, қаражатын көтеріп, Иманғали Тасмағанбетов ұшағын беріп барып қайтқанбыз.
Франция, Париж, Мулен Руждың әншілерінің концертінде, біздікіндей киіммен ән салмайды екен.
Суреттегі ақындар:
Айнұр Тұрсынбаева- қайырымдылық қорын ашпаған, Түпсанасын баспаханада баспаған кезі.
Жандарбек Бұлғақов- Сөз менеджменті кітабын баспаған, жүргізуші болмаған кезі.
Аян Сейітов- Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді-, деп аңсап, ән шығармаған кезі.
Бекарыс Шойбеков- Аманатқа жұмысқа тұрмаған кезі екен", деп жазба қалдырған.
Бұл жазбаның астына "Бекарыстың көке, Жандарбектің бөпе, менің тәте кезім", деп Айнұр Тұрсынбаева пікір білдірген.
Айгүл Елшібаева: Жүрсін Ерман- шайтанның да тілін тауып, айтысты өре сүйреген менеджер
Дәстүрлі әнші Иманғали Тасмағамбетовтың жеке ұшағымен Еуропаны аралаған кезі жайлы айтты
