Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жігердің "Меломен" тобынан кетуіне жігіттер арасындағы жаға жыртыс себеп болған

Жігердің "Меломен" тобынан  кетуіне жігіттер арасындағы жаға жыртыс себеп болған
ашық дереккөз
Жігер: "Меломеннен" кеткеннен кейін, клубтардың алдында тұрып таксовать еткен кездерде болды
2007 жылы сахнаға жарқ етіп шыққан «Меломен» тобынының құрамында әншілер басында 4-еу болатын. 10 жылдан кейін топтың құрамынан Жігер кетеді. Төртеу  болып жүргенде төбеге жетті, төрт бауырды не түлен түртті. Олар бұл мәселеге қатысты арнайы мәлімдеме жасамағаннан кейін, халық өзінше топшылаған еді. Бірақ жігіттер топтың арасындағы түсініспеушілікті біржолата шешу үшін «Көреміз» бағдарламасына келіп, өз шындықтарын айтты деп,  хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Меломеннің экс- солисті Жігер Ауыпбаевтың  айтуынша  топтың басы колледждегі студенттік өмірден басталған. Сол уақыттан бері жігеттермен жұбы жазылмаған. " Төртеуміз төрт түрлі болғандықтан әркімнің  өз ой пікірі бар, әр кезде ойымыз бір жерден шыға бермейтін. Арамызда көп түсініспеушілік болды. Топтан кеткеннен кейін соңғы ақшамды алып, анам екеуміз Умраға барып келдік. Содан қалтамда көк тиыным қалмады. Клубтардың алдында тұрып, кепкамен масканы киіп алып таксовать  етіп ақша жинаған кезім де болды. Бәрін тастап ауылға кетіп қалдым, сөйтіп екі ай шамасында сол жақта болдым. Бір күні маған Айман деген қыз хабарласып, "Сіздің тыңдарманыңызбын, өнеріңізді әрі қарай дамытыңыз"  деп   шотыма 500 мың теңге тастап жіберіпті. Эмоциямды ұстай алмай, көзімнен жас шығып, киімдерімді жинап бірден  Алматыға қайтып келдім. Солай студияға барып алғашқы әнімді жаздым»,- деді Жігер Аупбаев. Енді студияға "Меломендық" жігіттер келіп өз ойларын ортаға салды. Олардың айтуынша  жігер "жұлдыз ауруына" шалдығып, мінездері құбыла бастаған. "Бәріміз басынан бірге жүреміз деп келіскенбіз. Алайда ол уақытта Жігер  өзі жеке ән шығарып, әрекет ете бастады. Тойға қандай да бір іс-шараларға барсақ үнемі кешігіп келуді шығарды. Осындай сәттер көп болды. Әрине бұның барлығы арамыздың суып, сенімсіздік болуына  алып келді», - деді қазіргі "Меломен" жігіттері. Жігіттер арасында жаға жыртыстың болғанын топ мүшелерінің бәрі мойындады. Оған себеп Жігердің продюсеріне арнап ән жазып жеке орындағаны екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар