Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Зейнеп Ахметова баласының тұсауын бірнеше адамға кесітіріп той беретіндердің қатты қателесетінін түсіндірді

Зейнеп Ахметова баласының тұсауын бірнеше адамға кесітіріп той беретіндердің қатты қателесетінін түсіндірді
ашық дереккөз
Ахметова тұсау кесудің ережесі мен әдебін тарқатып айтты
Зейнеп Ахметова қазіргі күні дүркіретіп той беруге ғана өресі жетіп, Тұсау кесу дәстүрінің түбіне үңіліп мағынасын зерттемейтін жастарға шүйлікті, деп жазды KYN.KZ  тілшісі. "Тұсауды - жасы келген, науқас, жүрісі сылбыр кісілер, тұрмыс құрмаған қыз, үйленбеген жігіт кеспейді" деді Ахметова ханым. "Үлкен кісілер ала жіп байлап, батасын береді. Ұлдікін - ісі тындырымды ер-азамат, қыздікін қимылы ширақ келіншек кеседі. Тұсаудың ақ пен қара араласып есілген ала жібі баланың алдынан тек пышақпен кесіледі!  Қайшыда екі жүз бар, баланың қадамы қайшыланбасын деген мағына береді",-деді. Зейнеп Ахметованың айтуынша бір баланың тұсауын бірнеше бай- бағланға еліктеп, жағымпазданып, жақындасуға, достығын нығайтуға тырысатын ата- аналар бар. бірақ олар өз өмірлеріне ұнаған адамдарын тартып жатқанымен, баланың болашағына немқұрайлы қарайды екен. "Бір баланың тұсауын үш адамның кескені де дұрыс емес. Сондай-ақ қызыл ала ,жасыл ала жіпті базардан сатып әкеп жаңалық ашуға құмар болмаңдар. Ақ пен қара араласып есілген ала жіптің мәні - балам біреудің ала жібін аттап ҰРЫ боп шықпасын деген шолақ түсінікпен емес, өмірде қатар кездесетін жақсылық пен жамандықта, қуаныш пен қайғыға жасып қалмай, тасып кетпей тең өтсін деген ниетпен байланып кесіледі! Ақ пен қара - тіршіліктің символы! Көрінгеннің көзіне түскен, көрінгеннің энергиясын жинаған қызылала, көкала, тіпті базардағы дайын ала жіптің өзіне жүгірмей, кешке дейін телефонға телмірмей, әжелері немерелеріне ала жіпті жақсы тілеу тілеп өзі есіп дайындағаны жөн", - деп ақылын айтты Зейнеп Бауыржанкеліні.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар