Басты жаңалықтар
Дастан Оразбеков: Келіншегім оңтүстікке келін болуға қиналып, ажырасуға дейін бардық
- автор kyn.kz
- 8 наурыз, 2023
- 979
Әнші өзінің күйзеліске ұшырап, жаны ауырған сәттер туралы айтты
Танымал әнші Дастан Оразбеков Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өмірінде болған қиындықтарымен бөлісті, деп жазды KYN.KZ
“Махаббат барда мен көп дүниеге кешіріммен қараймын. Қаншалықты қиын болса да түсінуге тырысамын. Жұбайым екеуіміздің жанымыз егіз. Өзара келіспей қалатын кездеріміз де болады. Бірақ бұл кикілжіңдер болмаса біз бір-бірімізді толықтыратынымызды түсінбес едік.
Мен оңтүстіктің жігітімін, ол Қостанайдың қызы. Мінезі тік. Уақыт, тәжірибе бәріне үйретті. Ол – оңтүстіктің келіні. Әрине, қарым-қатынасымызда қиындықтар болады. Қолымызды бір сілтеп, ажырасуға дейін барған кездеріміз болды. Бірақ, мен онсыз қайтпекпін? Ол жанымда болмаса мен қиналып қаламын”, – дейді Дастан Оразбеков.
Сұхбат барысында Оразбеков өзінің жанкүйзелісіне ұшырағанын да жасырмады. Бүгінде әнші сүйікті жарымен бірге екі перзент сүйіп, тәрбиелеп отыр.