Басты жаңалықтар
Мейрамда күйеуінен сыйлық сұраймын деп таяқтың астында қалған келіншек ажырасқысы келетінін айтты
- автор kyn.kz
- 8 наурыз, 2023
- 868
Келіншек: Сыйлық бермесе мейлі, ұрғанын қалай түсінемін?
"Менің есімім Асель. Шымкент қаласынан жазып тұрмын. Жасым 30-да. Барлық нәзік жандыларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтағым келеді. Мейрам қарсаңында күйеуіме "Маған неге сыйлық сыйламайсың", деп ренжіп едім, өзімді таяқтың астынан алып "Өз орныңды біл" деп ұрып тастады" дейді келіншек.
Сөзінше күйеуі 8 наурызды тойлауға мүлде қарсы. Сол жағдайды түсініп қарамаған әйелін аяусыз ұрған.
Әйел тарихын білмей жатып, мерекеге қарсы болатын ер адамды қалай түсінуге болатынын сұрап KYN.KZ ақпарат агенттігінің "Үшбухат" айдарына хат жазған.
"Тұрмысқа шыққаныма биыл екі жыл болды. Екінші балама аяғым ауыр. Күйеуім мені мүлдем сыйламайды. Оған бірдеңе десең бірден ұрып, теуіп, былапыт сөздермен балағаттайды. Бойдақ достарымен күнде қыдырады. Үйге таң атқанда бірақ келеді, қыз құмар. Маған ешқашан сыйлық сыйлап көрмеген. Бүгін мейрамда ойымдағыны айтып едім, оңдырмады.
Тіпті туған күнімді де, елеп ескермейді. Телефонымды да сындырып тастады. Анам таққан алтындардың барлығын ломбардқа өткізіп жіберді. Айта берсем ондай жағдайлар өте көп...
Үйде үш келінбіз, екі абысынымның да күйеулері сыйлық жасап, әйелдеріне құрмет көрсетті. Біреуі қырық мыңға, біреуі он бес мыңға көйлек әперді. Соның барлығын ішіме сыймай күйеуіме айтсам "Сен ондайға лайықты емессің, орныңды біл. Бұл мерекені тойлау дұрыс емес. Неге түсінбейсің",-деді. Сонда ол сөзді қалай түсінсем болады? Менің сонда ешқандай қадірімнің болмағаны ма?
Маған қымбат нәрсе керек емес, жай "көшеге шығып жүріп қайтайық, үйдің таусылмайтын тірлігінен шаршадым" десем оныда орындамады. Ішімдегіні айтып жеңілдегім келген, ол адамға керегім жоқ болса неге онымен бірге қалған өмірімді өткізуім керек? Абысындарыма жағдайды айтсам олар өзімді сондай қарым-қатынасқа кінәлі етіп отыр. Ал анам мен бауырларыма айтып, оларды сондай бақытсызбын деп алаңдатқым келмейді. Ажырасып кетейін десем екі бала жетім өседі. Тұрмысқа шықсам өз әкесі бермеген жылуды басқа қайдан берсін деген қорқыныш бар. Одан қалды, өгей әкеден қорлық көргендер туралы күнде естиміз. Шақшадай басым, шарадай болды... Ақыл кеңестеріңізбен бөліссеңіздерші. Сіздер мені танымайтын болғандықтан ақтарылып бәрін жаздым", - деп хатын аяқтаған келіншек.
Келесі мақала