Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайрат Сатыбалдының экс-әйелі Гүлмира Сатыбалды шетел асып кетпек болған

Қайрат Сатыбалдының экс-әйелі Гүлмира Сатыбалды шетел асып кетпек болған
ашық дереккөз
Ол үй қамаққа ауысуға өтініш берді
Шетел асып кетпек болған. Астанада белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының соты жүріп жатыр. Бүгін адвокат Гүлмира Сатыбалдының бір жылдан астам қамауда отырғанын, үш баланың анасы, бес немеренің әжесі екенін айтып, оны үйқамаққа ауыстыруға сұраған, деп жазды KYN.KZ тілшісі КТК жаңалықтарына сүйене отырып. Бірақ судья адвокаттың емес, прокурор келтірген дәйекпен келісті. "Сотқа дейінгі тергептексеру барысында сотталушы Гүлмира Сатыбалдының шекарадан өтуге тырысқаны белгілі болды. Сондықтан бұлтартпау шарасын үй қамаққа ауыстыру негізсіз деп есептеймін",-деді прокурор Альмира Қожахметова.  width= Гүлмира Сатыбалдының ісін Астана қаласындағы №2 Сарыарқа ауданы соты қарап жатыр. Әуелде сот процесі Алматыда басталғанымен, қорғаушылардың өтініші бойынша елордаға ауыстырылған. Себебі, айыпталушы да, оның ісін тергеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік де осы бас қалада. Гүлмира Сатыбалдыға ұрлады және озбырлық жасады деп бірнеше бап бойынша айып тағылған. «Бизнесімізді тартып алды" деп, екі кәсіпкер шағымданған болатын. Шығын көлемі 6 миллиард 600 миллион теңге шамасында.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар