Басты жаңалықтар
Ақтөбені су басқанда шенеуніктер қыс бойы қарды дұрыс тазаламағанын мойындап отыр
- автор kyn.kz
- 10 наурыз, 2023
- 278
Олар қажетті техника мен жұмыс күші болмағанын айтып ақталды
Ақтөбелік шенеуніктер қыс бойы қаланың қардан дұрыс тазартылмағанын мойындады. Енді шаһардың барлық көшесі көлкіген суға толған кезде шарасыз болып отыр. Су тасқынының алдын алуға жөні түзу құрылғы мен замануи техниканың жоқтығы қолбайлау болды деп ақталуда.
"Қаламыздың тұрғындарынан 382 өтініш келіп түсті, су сору жұмысына. Тиісті жұмыс атқарылды. Қар тез еріп, соған жаңағы машина үлгермей қалып жатыр",- деді Ақтөбе ТКШ сектор меңгерушісі Серік Дәулетов.
Ақтөбеде мұз қатып қызыл судың жайылмауына ауа райы қарасып тұр. Қала әкімі қыс бойы жөнді қамданбағанын айтып, тұрғындарға қиындық келтірген себептерін әлеуеметтік желідегі парақшасына тізіпті. Әйтсе д қауіп әлі сейілген жоқ.
Жеке сектордағы тұрғын үйлерді мұз бен қардан тазартып үлгермей жатыр. Қызылорда облысында Сырдария арнасынан асып кетті. Жалағаш пен Жосалы арасындағы жол бойында көпірдің бір бөлігін су шайып кеткен.
Бұл жол арқылы Далдабай мен Қызылтам ауылдарына қатынайды. Ақтөбе өңірінде Байғанин ауданындағы үш ауыл да неше күннен бері облыс орталығымен қатынаса алмай отыр. Ондағылар керек-жарағын Атыраудың Құлсары кентінен жеткізіп амалдауда.
"Байғанин ауданында Оймауыт, Қарауылкелді-Оймауыт бағытында жол бойында, Алтау батыр тұсында көпір, көпір емес су өткізу құбыры, соның Сағыз өзені деңгейі келгенде шыдамай, сол жерде шайып кетті. Енді арғы жағында үш елдімекен қалып тұр",- деді Ақтөбе облысы ТЖД бөлім бастығы Құмар Тұрмағанбетов.