Басты жаңалықтар
Қазақстан Халық партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевты сотқа берді
- автор kyn.kz
- 10 наурыз, 2023
- 393
Шораев бұл сотта айыпты деп танылса Мәжіліс депутатына үміткер бола алмайды
«ҚР ӘҚБтК-нің 104-бабына (кандидаттар, саяси партиялар туралы жалған мәліметтер тарату) сәйкес, Шораев Арман Төлегенұлына қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Нұрия Балтабайқызының өтініші бойынша іс жүргізуге қабылдансын» делінген сот ұйғарымында.
Айта кетейік, Арман Шораевқа қатысты аталған іс 6 наурызға белгіленген.
«Бәріңізге белгілі, Ертісбаев келіскен пікірсайысқа келмей қалды. Сотта да өзін ұсынып отырған партиясын қорғауға, партиясы үшін жігіттік сөзін айтуға да жарамай отыр, өкінішті. Қазақстан Халықтық партиясынан депутаттыққа жалғыз кандидат Нұрия Балтабайқызы жеке басы мен партиясы туралы жалған ақпараттар таратты деп сотқа шағымданып жатыр. Нұрекең айтқандай шынымен де ар-намысына тигенім сотта дәлелденсе, мені депутаттыққа кандидат ретінде тіркеу туралы шешімнің күші жойылады,» деп жазды Шораев әлеуметтік желідегі парақшасында.