Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қырғызстанда педофилдерге өлім жазасын беруі мүмкін

Қырғызстанда педофилдерге өлім жазасын беруі мүмкін
ашық дереккөз
Қазақстанда жақында ғана оқушы қызға қол жүгірткен адам 3 күнге қамалып құтылды
Депутаттар президентке мұндай жаза бойынша референдум өткізуді ұсынып отыр. Ал ұсынысты 61 депутат қолдаған, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Қырғызстанның парламент депутаты Дастан Бекешевтің мәліметінше, өлім жазасы туралы қаулы жақын арада қаралады. Айта кетейік, бұған дейін де біраз депутат кәмелетке толмағандарды зорлағандар үшін жазаны қатаңдатуды қолдаған болатын. Олар қылмыскерлерге химиялық кастрация жасауды ұсынған. Ал негізі Қырғызстанда 1998 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар