Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Министр соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтаруды талап еткен ата-аналарға жауап берді

Министр соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтаруды талап еткен ата-аналарға жауап берді
ашық дереккөз
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Қазақстан" телеарнасындағы "Бас тақырып" бағдарламасына берген сұхбатында соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтаруға қатысты пікір білдірді.
Министр кез келген идея бала үшін жасалатынын, сапаны көтеру бағытында дұрыс шешім қабылданғанын атап өтті.
"Жалпы бұл әлемде бар тенденция. Бұған дейін 34 оқу апталығы болса, қазір 36 оқу аптасына ұзартылды. Ал әлемде 38-42 аптаға дейін ұзартқан елдер бар", - деді Ғани Бейсембаев.
Оның айтуынша, бұл әлемдік тәжірибелерді зерделеп, зерттей келе, балалардың оқу процесіндегі жүктемесін азайту бағытында қабылданған шара. Оны бірден өзгерту қиын.
"Бірақ ата-аналар маған "балалардың демалысын қайтарыңдар" деп қайта-қайта сауал жолдап жатқаннан кейін әріптестеріммен ақылдастым. Әрине биыл жасалған дүниені күрт өзгертуге, тоқтата салуға болмайды. Биыл өзгеріссіз қалады", - деп толықтырды ол.
Бейсембаев оқу процесін орта жолда тоқтатып, шегеру қаржы жағынан да, сапаға да қатты әсер етуі мүмкін екенін айтты.
"Сондықтан біз мақсатты дұрыстап айқындап алуымыз керек. Балалардың білім сапасын арттыру бағытында жұмыс істейік. Егер сапаны жақсартатын болса, жаңашылдықты қабылдауымыз керек. Дейтұрғанмен көпшілік сұрап жатқаннан кейін сарапшыларды шақырып, қоғаммен, әріптестерімізбен тағы да ақылдасып көрейік дегенім рас. Егер "бұл өте маңызды, соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтармасақ, сапа нашарлап кетеді" деп жатса, келесі жылы бұл мәселені қарастырып көруге болады. Өзгермейтін дүние жоқ",- деп түйіндеді Ғани Бейсембаев.
Дереккөзі:sputnik.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар