Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысының полицейлері жоғалған баланы тапты

Алматы облысының полицейлері жоғалған баланы тапты
ашық дереккөз
Жасөспірім таксиге отырған соң хабарсыз кеткен
Алматы облысында полицейлер із-түзсіз кеткен 16 жастағы жасөспірімді тапты, деп KYN.KZ  ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды. Осыған дейін Алматы облысында Жетісайдан туыстарының үйіне кеткен 16 жастағы бозбаланың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Әміржан Кучаков 24 маусым күні сағат 2-лер шамасында Шымкентке жақын жердегі Жетісай қаласынан автобуспен шығып кеткен. Жасөспірім Алматы облысының Бесағаш ауданында тұратын әкесінің туыстарына барып қайтпақ болған. Қалаға келген соң ол таксиге отырған да содан оны ешкім көрмеген. Алматы облысының Ішкі істер департаменті өкілдерінің хабарлауынша, баланың жоғалғаны туралы хабар Қарасай аудандық полициясына келіп түскен. «Әміржанның телефон нөмірі алынып, оның соңғы рет телефонмен сөйлескен адамдарымен байланыстық. Содан белгілі болғаны, Әміржан дәмханалардың бірінде өзінің танысын кездестіріп, Түркістан облысы, Ордабасы ауданының Амнгелді ауылына тартқан. Жасөспірім сол жерден табылды. Полиция қызметкерлері болған жай туралы баланың ата-анасына хабар беріп, жасөспірімді үйіне жеткізіп тастады»,-деп түсіндірді ІІД-нің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар