Басты жаңалықтар
Қостанай тұрғыны көлігімен электр бағанын соғып, қашып кеткен
- автор kyn.kz
- 1 шілде, 2018
- 299
Көлік жүргізушісіне іздеу салынды
Тәртіп сақшылары электр бағанын соғып кеткен қостанайлық көлік жүргізушісін іздеп жатыр, деп KYN.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Оқиға КСК шағын ауданындағы Қайырбеков көшесінде болған. «Жигули-99» маркалы автокөлігін тізгіндеген қостанайлық электр желісі бағанын соғып, мемлекетке айтарлықтай шығын келтірген. Сонымен қатар, ол оқиға орнынан бой тасалаған.
Облыстық ІІД баспаөз қызметіндегілердің айтуынша, аталған факт бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Көлік жүргізушісіне іздеу салынды.
Айта кетейік, электр бағаны қалалық тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің балансында тұр.