Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақбота Сейтмағамбет:Ер адамның жауапсыздығы, сезімнің түбіне жетеді

Ақбота Сейтмағамбет:Ер адамның жауапсыздығы, сезімнің түбіне жетеді
ашық дереккөз
Әнші: Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан
Желідегі оқырмандарымен үнемі сырласып тұратын Ақбота Сейтмағамбет жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған актриса, екінші мәрте қателесуге жүрексінетінін айтты. Оған дәлел оқырманының "Қайта тұрмыс құру ойыңызда бар ма?” деген сұрағына берген жауабы. "Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Үйлену, жар болу, бала сүю, өсу, өну – өмірдің заңдылығы. Тағдырдың ісі тағы бар. Алланың берген ғұмырын бәріміз дұрыс сүргіміз-ақ келеді. Бірақ сабырды сынайтын, бір дүниені кемітетін кезеңдер болады. Жалғыз жүрмеу үшін жолдан кезіккен жүгенсіз, сөзі мен ісі бөлек азамат атын құр арқалап жүргендерге уақытымды, сезімімді шығындағым келмейді. Сол үшін менде асығыстық жоқ. Ер адамдардың жауапсыздығы бүкіл сезімнің түбіне жетеді. “Әйел күлсе, әлем күледі” дегенді түсінетін уақыт жетті деп ойлаймын”, – дейді өнер иесі.  width= Айта кетейік,  2017 жылы актер Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ажырасып кеткен болатын.  Араларында ортақ некеден бір ұл, бір қызы бар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар