Әуелбекова: Бұрыңғы күйеулерім менімен тұрып жатқан балаларын өз еріктерімен іздеп келмейді де
Екі рет некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова, тағы да тұрмысқа шығуы мүмкін екендігін отандық "1001" түн бағдарламасында айтты, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жүргізуші: Жүрегіңізді сеніп біреуге тапсыра аласыз ба? Әлде қорқыныш, үрей басым ба?
"Тапсыра аламын деп ойлаймын. Неге десеңіз, мына жақ сәтсіз болды екен деп, әр адамды бірдей көруге болмайды. Иә, ол адам сондай болды. Оңай қия салды. Мүмкін, оған "Солай істе", деп айтты. Тепсе, темір үзер қазақ жігіттері көп қой. Барлығы сондай деп айта алмаймын. Мен үмітімді үздім, болды, жоқ, түбегейлі деп айтпаймын. Бұйрық Алладан, тағдырыма не жазылады, маған не бұйырады, сол болады", - деді өнер иесі.
Әңгіме барысында әнші ұлы мен қызын туған әкелері іздемейтінін айтып қалды. Тіпті өзі кездесу ұйымдастырып, араларына түсіп шапқылаудан шаршағанын да тілге тиек етті.
Келесі мақала