Басты жаңалықтар
Отбасылық коуч ер адамның әйеліне не үшін жиі қол көтеретінін айтты
- автор kyn.kz
- 15 наурыз, 2023
- 756
Ақан Мергенбай:"Әйел адамдар нәзіктігін жоғалтпау керек"
Ақан Мергенбай қоғамның дертіне айналған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әлеуметтік желіде сұрақтарға жауап берді, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Әйелдің мықтылығын сындыру үшін "Кешіріңіз отағасы" деп тұрса ұят қой ана әйелді ұру. Істейтінін істеп алып одан кейін барып сызылып тұрса ол бөлек әңгіме. Негізі нәзік әйелді ер адам ұрмайды. Ер адам ер адаммен қашан жаға ұстасады? Өзінше болып тұрған кезде", - деді коуч.
Сондай- ақ, "Мықты әйелдің қасында мықты ер адам болмайды деген қағида бар" дейді маман. "Не оның намысы құм болады. Не құмар ойын ойнайды. Не басқа әйел тауып алады. Үйге келгісі келмейді ол адам. Өйткені ол үйде нәзік, әлсіз әйелін көргісі келеді. Қашан нәзік әйелін көреді сол кезде мықты бола түседі ер азамат. "Әйел қалай мықты болады?" десек, шешім шығарумен, ақша табуымен", - деп ойын аяқтады.