Астанада әйеліне ашуланған ер адам мейшітке келіп, имамды пышақтады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
1990 жылы туған Жібек Жолы ауылының тұрғыны әйелімен ұрысып қалып, елордалық мешітке барған. Ол мешітте әйелімен шариғат жолымен ажыраспақ болған.
"Ашу үстінде келіп, намаз оқып жатқан имамға пышақ ұрған. Ер адам ұсталды, Астана қаласы ПД Алматы ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Имам ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Күдіктінің әйелі үйде отырып, суицид жасамақ болған. Ол сірке суын ішкен.
Әйел Астанадағы 1 қалалық ауруханасына жатқызылды.