Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айдос Сарым: Қазақстан ешқашан, өлсек те Ресейдің ықпалынан құтыла алмайды

Айдос Сарым: Қазақстан ешқашан, өлсек те Ресейдің ықпалынан құтыла алмайды
ашық дереккөз
Саясаткер Ресейдің қазақстанға ықпалын қадағалап, азайтуға мүмкіндік барын айтты
Саясаткер Айдос Сарым журналист Ерболат Мұхаметжанға берген сұхбатында Қазақстан ешқашан Ресейдің ықпалынан құтыла алмайтынын айтты, деп жазды  КҮН.КЗ тілшісі. "Мен айтамын, ешқашан Ресей ықпалынан құтылмаймыз. Ешқашан, өлсек те, тірілсек те Ресейдің ықпалынан құтыла алмаймыз. Біздің жеті мың шақырым шекарамыз бар, экономикамыз бар. Олармен сауда жасап жүрген шекарадағы мыңдаған бизнесмендеріміз бар. Бенефициарымыз бар. Сол туристер келеді, басқалар келеді демекші, яғни біз қашанда құтылмаймыз деген сөз. Зардабын шектеуге, төмендетуге болатын шығар. Құдайға шүкір, біздің қазіргі саясат қоғамда әртүрлі әңгіме айтуға болады. Қарғауға да болады, басқасына да болады. Бірақ, қоғамның, биліктің, басқаның бір үлкен оркестр сияқты ойнағанын қаламаймын",- деді саясаткер Айдос Сарым.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар