Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гүлнұр Орызымбетова жас көрінуінің құпиясымен бөлісті

Гүлнұр Орызымбетова жас көрінуінің құпиясымен бөлісті
ашық дереккөз
Гүлнұр Оразымбетова: "Қартаюға уақытым жоқ"
Әнші Гүлнұр Оразымбетова өзінің  46 жасқа келгенін жасырмай,  жас көрінуінің құпиясымен бөлісті деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі  NEGE.KZ сайтына сілтеме жасап. "Жасырмаймын, бұйырса, биыл 46 жасқа толамын. Бірақ табиғат берген бет-ажарыма өзгеріс енгізем деп ота жасатып көрмеппін. Бірақ міндетті түрде косметологқа барып, күтім жасатып отырамын. Себебі, теледидарға түсерде жағылатын түрлі бояу бет терісіне ерте әжім түсіруі мүмкін. Спортпен шұғылданамын әрі дұрыс тамақтанамын. Дер кезінде дәрумен ішіп тұруды әдетке айналдыру керек. Соның арқасында болар, кейде ұлдарыммен бірге сауда орталығына барғанда біреуі "анашым" деп қалса, жұрт жалт қарап жатады. Содан кейін отбасындағы қарым-қатынас, істеп жатқан жұмысың, одан алар рахатың адамның көркін келтіретін сияқты. Жанұядағы жағдай әйелдің бет-әлпетінен көрініс табады. Құдайға шүкір, отағасы мен ұлдарым маған әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Бұл мені тыңдарман арасына шыққанда шабыттандыра түседі. Сондықтан қартаюға уақытым жоқ. Жұмыс басты болып кеткенде денсаулықты қалыс қалдыратынымыз бар. Дегенмен, бірінші байлық тәннің саулығы екенін естен шығармағанымыз жөн. Онсыз ешқандай жетістікке жету қиын", - деді Гүлнұр Оразымбетова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар