Басты жаңалықтар
Qanay: "Әншіліктен кетіп қарапайым өмір сүргім келеді"
- автор kyn.kz
- 25 наурыз, 2023
- 510
Көпшілікке "Ол қыз" әні арқылы танылған Qanay "Taboo" бағдарламасына сұхбат беріп, өнерден кететінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
“33-35 жасқа дейін өнерде болып, өнерді тастаймын. Дөңгелекті үй сатып алып, отбасыммен Қазақстанды аралағым келеді. YouTube канал ашу ойымда бар. Қарапайым Қанай болып жүргім келеді. 35 жасыма дейін отандық шоу-бизнеске өз үлесімді қосып, мансабымды аяқтаймын”,- дейді өнер иесі.
Сұхбат барысында әнші алға қойған мақсаты блогер болу екендігін жасырмай айтты.
“Халықпен сөйлесіп, YouTube жүргізетін блогер болғым келеді. Арнайы музыкалық білім алу ойда бар. Сұхбатқа барған кезде кәсіби терминдерді қолдана отырып, сұраққа жауап бергім келеді”, - дейді Qanai.
Келесі мақала