Басты жаңалықтар
Әйгілі "Нұрлан мен Мұрат" дуэтінің не себепті тарап кеткені белгілі болды
- автор kyn.kz
- 25 наурыз, 2023
- 321
Нұрланның айтуынша, Мұрат екеуінің арасына от салған адамдар көп кездескен.
20 жыл бұрын құрылған танымал дуэт "Нұрлан мен Мұрат" тобының не себепті тарағаны белгілі болды. Топ мүшесі Нұрлан Әміров АйнаLine бағдарламасына берген сұхбатында біраз шындықтың бетін ашты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Мұны реніш деп айтуға болмайтын шығар. Түсініспеушілік десек дұрыс. Себебі қанша адам болса, сонша ой, сонша сөз бар. Әркім әртүрлі жеткізеді. Ол кісіде маған деген негатив пайда болып, арамыз алыстай бастады. Бұлай болмас деп, бір айға жетпейтін уақыт ішінде қайта кездесіп, түсіністік. Ол менен жасы кіші болған соң, мәмілеге келдік. Оған басқа информация, маған басқа информация келген.
Бізді бір-бірімізге қарсы қойғысы келгендер көп кездесті. Үшінші тараптан әңгіме айтатындар өте көп болды. Пенде болған соң, соған еріп кетіп жатамыз. Жақын достарымыз арқылы жеткен әңгіме болған соң, ми қыртысында қалып қояды екен. Өнер адамдарының арасында қызғаныш жиі кездеседі. Мұның бәрі қызғаныштың салдарынан орын алған еді. Қазір Мұрат мені қатты сыйлайды, ағалап тұрады. Қазір шақырған жерлерге бірге барып тұрамыз. Бірақ мен өзіммен дуэт айту үшін қара нәсілді қыз баланы қасыма алдым", - деді өнер иесі.