Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Болат Назарбаевтың экс-әйелі Динара Әлжан: Есірткіге тәуелділігімнің кесірінен, Бөкең 3 рет талақ айтты

Болат Назарбаевтың экс-әйелі Динара Әлжан:  Есірткіге тәуелділігімнің кесірінен, Бөкең 3 рет талақ айтты
ашық дереккөз
Бойжеткен бай күйеуі қолдап отырған сәтте бизнес ашып алмағанына өкінді
Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы, әнші Динара Әлжан."Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында өзінің есірткіге тәуелді болғанын және осы әрекетінен кейін Болат Назарбаев оны тастап кеткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Динараның айтуынша оны бұндай ортамен таныстырған әнші Кентал. "Кентал кейін мені шоу бизнесте жүрген адамдармен таныстырды. Көбіне орыс тілді орта еді. Мейрамханада отырдық. Жассың ғой енді, ішесің. Шарап іштім, мас болып қалдым.  Әжетхана бардық, тазалап сүртіп, телефонын қойып, ана нені  (еск. есірткі) жасады. Мынаны иіске, бірден есіңді жиясың деді" – дейді Динара. Динара өз ойында артық ештеңе болмағанын, бір рет қана көріп, кейін қойып кетемін деп ойлағанын айтты. "Мен мұндайды кинодан көргем. Ол қызға қарап отырып, шоу бизнесте жүрген адам. Ештеңе болмайды деп ойладым. Бір рет көрем деп сендім. Көрдім, мастығым басылды. Кейін тағы кездестік, үйіме шақырдым. Басында тегін берді, маған қызық болды" – деді әнші. Динара есірткіге тәуелді болып қалғанын, ал оған оның дәмін татқызған достары жоқ болып кеткенін айтты. "Менің де кінәм бар. Жасамаймын деуге болады ғой. Бір жағынан 2-3 рет тегін бергеннен кейін, үйреніп қаласың. Кіріп кеттім, тапсырыс бере бастадым. Үйге машинамен алып келетін. Екі күнде бір, үш күнде бір тапсырыс беремін. 1 айдай отырдым, 350 доллардан сатып алып жүрдім" ,– дейді Динара. "Қолымда мүмкіндік бар да бизнес пе, халыққа көмектесетін балабақша ма ашу керек еді деп өкінемін" – деп ол өз өкінішін білдірді. Болат Назарбаевта әйелінің жағдайын байқаған. Анасы да оны көріп, дұрыс жол сілтеуге тырысқан. "Анам да айта бастады. Сенімен бірнәрсе дұрыс емес. Кентал, Кентал деп анаған көмектесесің, мынаған көмектесесің. Қызыңа қарамайсың деді" – дейді Динара. Болат Назарбаев бәрін білгеннен кейін ажырасуға шешім қабылдаған. "Бір күні Болат мені кеңсесіне шақырып алды.  Мен келсем, Қайроштың машинасы мен көмекшісі тұр. Кіріп келе жатсам, Қайрат шығып келе жатыр екен. Сосын Бөкең мен бәрін білем, екеуміз ажырасамыз деді. Сен боссың деп 3 рет талақ айтты. Болды, маған ешнәрсе айтпа деді. Мен ақталған да жоқпын, ол бәрін біліп тұр. Оған дейін де білді, кешірді, үндемеді" – дейді Динара. Динараның айтуынша, ажырасқан соң үйді де, машинаны да қайтарып алған. Дымсыз қалған ол кейін Ақтауға көшіп кеткен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар