Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нағима Есқалиеваға ұлы қымбат көлік сыйлап, тосын сый жасады (видео)

Нағима Есқалиеваға ұлы  қымбат көлік сыйлап, тосын сый жасады (видео)
ашық дереккөз
Есқалиева "Ақылды көлікке" қайран қалғанын жасыра алмады
Әнші Нағима Есқалиеваға ұлы су жаңа көлік сыйлады. Қуанышты жаңалығымен  Диас әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті деп, жазды KYN.KZ тілшісі. Бұндай қымбат сыйлықты көргенде  Есқалиева таңданысын жасыра алмады. "Жаңа көлік пе? Қытайдың ойлап таппайтыны жоқ. Анау-мынау емес", – деді тұлпарды тізгіндеген әнші видеода. Ал желі қолданушылары Есқалиеваның ұлына ризашылығын білдіріп, әншіні жаңа көлігімен құттықтады. "Ұлыңызды керемет адам қылып тәрбиелепсіз", "Жарайсың", "Құтты болсын", "Тұлпарыңыз тоза берсін, өзіңіз оза беріңіз", - деп жылы лебіздерін жарыса жазып жатты. Айта кетейік, Диас Аблаев анасына тарту еткен Zeekr электрокөлігінің құны 30 млн теңгеден асады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар