Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақбота Сейтмағамбет сүйіктісі бар екенін айтты

Ақбота Сейтмағамбет сүйіктісі бар екенін айтты
ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде  жиі сырласатын Ақбота, тағы да оқырмандарының жеке өміріне қатысты мазалаған сұрақтарына жауап берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Желі қолданушыларының бірі "Жалғыз қалуыңа не себеп?", - деп сұраған. Әнші қол ұстасқан жұптың суретін қойып: "Сенімді сөйлей бермесеңіздерші", - деп қысқа қайырған. Бұл жаңалық актрисаның оқырмандарын алаңдатып қойғаны анық .  width= Естеріңізге сала кетейік, алғашқы некесі сәтсіз аяқталған актриса, екінші мәрте қателесуге жүрексінетінін айтқан болатын. Оған дәлел оқырманының «Қайта тұрмыс құру ойыңызда бар ма?” деген сұрағына берген жауабы. «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Үйлену, жар болу, бала сүю, өсу, өну – өмірдің заңдылығы. Тағдырдың ісі тағы бар. Алланың берген ғұмырын бәріміз дұрыс сүргіміз-ақ келеді. Бірақ сабырды сынайтын, бір дүниені кемітетін кезеңдер болады. Жалғыз жүрмеу үшін жолдан кезіккен жүгенсіз, сөзі мен ісі бөлек азамат атын құр арқалап жүргендерге уақытымды, сезімімді шығындағым келмейді. Сол үшін менде асығыстық жоқ. Ер адамдардың жауапсыздығы бүкіл сезімнің түбіне жетеді. “Әйел күлсе, әлем күледі” дегенді түсінетін уақыт жетті деп ойлаймын”, – дейді өнер иесі.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар