Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мирас Жүгінісов Назима екеуіне қатысты тараған қауесетке пікір білдірді

Мирас Жүгінісов Назима екеуіне қатысты тараған қауесетке пікір білдірді
ашық дереккөз
Желіде танымал әнші Мирас Жүгінісовпен Назима кездесіп жүр  деген мәлімет тарап кетті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Желіде тараған видеода Мирас Жүгінісовтің әуежай алдында гүлшоқпен тұрғаны, "сүйіктімді күтіп алуға келдім" деп жазғаны, кейін осыған ұқсас гүлді Назима Stories-іне салғаны көрсетілген. Мирас Жүгінісов кейінгі Stories-інде "сүйіктісі" анасы екенін жазған. Бұл туралы әнші TikTok-парақшасында бөлісті. "Жазуға қорқатын болдық қой. Мен Stories-тегі гүлді анама бердім. Ал Назиманың Stories-індегі гүлді ауызашарға барғанда бергенбіз", - деп жазды Мирас. Алайда желі қолданушылары әншінің сөзіне сене қоймаса керек. "Адамдар неше түрліні шығарады", "Қазір адамдар бір қадамды да басқаша етіп тарататын болған", "Әйтеуір бір жаңалық керек қой", "Гүлшоқтары түрлі ғой", "Ақталып отырғанын айтыңдаршы", - деп ойларын ортаға салды.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар