Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гүлмира Ізбасқан «қыздарды жақсы көреді» деген қауесетке жауап берді

Гүлмира Ізбасқан «қыздарды жақсы көреді» деген қауесетке жауап берді
ашық дереккөз
Танымал әнші Гүлмира Ізбасқан өзіне қатысты айтылатын "ер адамдардан гөрі қыздарды ұнатады" деген қауесетке пікір білдірді. Әнші бұл туралы "Қыздар-ай" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Бағдарлама барысында тележүргізуші Аша Матай әнші Гүлмира Ізбасқанға оқырмандар мен тыңдармандар тарапынан жиі келетін сұрақты қойған. Аша Матай "Гүлмира қыздардың жанында көп жүреді. Мүмкін оған қыздар ұнайды" деген ел тарапынан айтылатын қауесетке жауап беруін сұраған. "Айтатынын айта берсін. Мен "аа, жарайды" деп жүремін. Қайсына қақпақ бола беремін? Айтса айта берсін. Жігіттерді жақсы көремін", - дейді әнші. Айта кетейік Гүлмира Ізбасқан танымал тележүргізуші Андрей Малаховтың бағдарламасына шақырту алып, жанды дауыста ән орындап, көпшілітің ыстық ықыласына бөленген еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар