Басты жаңалықтар
"Сол түні оның анасы мен ағасы пышақ жарақатынан қайтыс болды": Ақтөбеде өз үйінде пышақталған 13 жасар қыз есін жиды
- автор kyn.kz
- 8 сәуір, 2023
- 411

Полиция дереу тергеу жұмыстарын бастап кетті
Ақтөбеде өз үйінде пышақталған 13 жастағы София есін жиды. Ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған. Жасөспірімнің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр, қанағаттанарлық деп отыр. Ал полиция тергеу тексеру шараларын жүргізіп жатыр.
Қылмыскер әлі табылған жоқ. Тек бір отбасын түгел пышақтап тастаған күдікті үйге балкон арқылы кірген болуы мүмкін деген болжам бар.
Еске салайық, 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлының мәйіті өз үйінен табылған болатын. Ал 5 жерден пышақталған қызы тірі қалып, полицияға хабарласқан. Ауруханада оған шұғыл операция жасалды. Егер барлығы жақсы болса, келер аптада үйге шығуы мүмкін. Жасөспірім нағашы әжесінің қамқорлығына беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025