Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Айыппұл төлесін!»: Танымал журналист енелердің шамына тиетін мәлімдеме жасады

«Айыппұл төлесін!»: Танымал журналист енелердің шамына тиетін мәлімдеме жасады
ашық дереккөз
«Сен кетсең орнына жас қатын әперем!» деп қырықтағы ұлын қостап, от көсейтін енелер қайдан шыққан?
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Instagram желісіндегі парақшасына 7-8 бала туып, бірақ күйеуі мен енесі үйінен қуып шыққан шымкенттік келіншектер туралы жазба жариялады. Журналистің жазуынша, Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорлық көргендерге арналған орталық, Аналар үйі, дағдарыс орталығы көп.  Бірақ бәрінде орын жоқ. Сондықтан да 6 баласы бар Зертас есімді ананың көшеде жүргеніне бір жыл болған, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі.   "ТҮСІНБЕЙМІН 5-6-7-8 бала туғанша керек әйел (келін) аяқ астынан керек жоқ деп далаға лақтырып тастау қайдан шыққан? Ит екеш ит, үйдегі мысықтың баласын да терезеден лақтырып жібермейміз ғой? Ал, бұл жерде өзінің қаны сонша баладан әкесі қалай безінеді? Қой балам деудің орнына «Сен кетсең орнына жас қатын әперем!» деп қырықтағы ұлын қостап, от көсейтін енелер қайдан шыққан? Шымкентте не көп тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендерге арналған орталық, Аналар үйі, дағдарыс орталығы көп. Өкінішке орай, бәрінде бос орын жоқ. Тиран күйеуінен қашқан Зертас 6 баламен әр пәтерден пәтерге көшіп жүргеніне 1 жыл болды. Аналар үйінде орын жоқ! Одан бері Зертастың қатарына Сәуле, Нұргүл, Зарина, Орынгүл… т.б. жүздеген әйел қосылды. Әйелімен қоса балаларын қуып шыққан еркектер (әке деуге аузым бармай тұр) көп ұзамай-ақ үйленіп алады. Орта жастағы қазақ әйелдері не төркінге бара алмай, не көп баламен пәтерге алмай далада қалуда. Бір-ақ күнде тіні жетім болып қалған балалардың не кінәсі бар? Меніңше бұл қоғамдағы ең өзекті мәселе болуы керек! Алименттен бөлек Айыппұл салып, соттап әйтеуір бір заңды жауапкершілік болуы тиіс! Отбасына от жаққан енешкалар да құн төлеу керек! Әзірге мұнда өз пікірлеріңізді жаза беріңіздер, қазір ғана далаға қуылған жаңа жетімдер жайлы видеоны асықпай саламын!"- деп жазды журналист.   Журналистің жазбасына 1500-ден аса пікір жазылған. Пікірлердің көбі бұл мәселенің өзекті екенін алға тартады. Оқырмандардың пікірінің арасында енесі үйінен қуып шыққан келіншектер де бар.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Гүлмира Әбіқай (@gulmir_ktk)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар