Басты жаңалықтар
Ерке Есмахан қайын атасына жап-жаңа жол талғамайтын қымбат көлік сыйлады (фото)
- автор kyn.kz
- 10 сәуір, 2023
- 720
Әнші: Тұрмысқа шыққалы отбасындағы барлық жағдайды күйеуім шешеді
Тұрмысқа шыққанына көп уақыт болмаған танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Райымбектің әкесіне қымбат көлік сыйлағанын өзі хабарлады, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
Ең алдымен ол тұрмысқа шыққалы бері барлық мәселені күйеуі шешетінін айтып мақтанды. Оның бұлай сөйлеуіне желідегілердің пікірі әсер етсе керек. Себебі көпшілік "Ерке Райымның мамасындай" деп жиі сынап жатады. Содан болса керек әнші үнемі ел алдында бала күйеуін көтермелеп жүреді.
«Сәлем бердік, қалайсыздар? Ораза жеңіл өтіп жатыр ма? Күйеуге шыққан рақат екен ғой. Бұрын жанталасып, бірдеңеден қалатындай шауып жүріппін, ақша табамын, асыраймын деп. Қазір бәрін күйеуім шешеді. Аллаға шүкір! Одан сайын еркелеп, тіпті инстаға шықпайтын болдым.
Әке, анамыз (Еркенің қайын атасы мен енесі — ред.), қайын інілерім күшті демалып, қыдырып, Алматыдан Оралға қайтты. Әкемізге су жаңа көлік әперді күйеуім деп мақтанып қояйын», – деп жазды Ерке Есмахан.