Басты жаңалықтар
Қызылордада аяусыз соққыға жығылған жігіттің жағдайы ауыр
- автор kyn.kz
- 10 сәуір, 2023
- 286
Дәрігерлер Қызылорда облысы Қазалы ауданында соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайы ауыр екенін айтты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. Бас сүйек-ми жарақатын алған. Бұл туралы bugin.kz хабарлайды.
Жалпы жағдайы-тұрақты ауыр. Емдеу шаралары жүргізілетін болады, - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
Әлеуметтік желіде жасөспірімді белгісіз азаматтардың ұрып-соғып жатқаны туралы видео жарияланған соң полиция 5 оқушыны ұстады.
Кәмелетке толмаған баланы жабылып соққыға жыққан Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейдің 5 оқушысы екені белгілі болды. Олар 7 сәуірде аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазір соққыға жығылған бала ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайы бірқалыпты, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.
Осы факті бойынша тергеу басталды.
Қазір зардап шеккен оқушы ауруханада ем алып жатыр. Аудан әкімі және облыстық білім басқармасының басшысы 8 сәуірде жасөспірімге барып, оның жағдайын білді, - делінген хабарламада.