Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы әуежайының жекеменшікке заңсыз берілген нысандары мемлекетке қайтарылды

Алматы әуежайының жекеменшікке заңсыз берілген нысандары мемлекетке қайтарылды
ашық дереккөз
Алматы халықаралық әуежайы жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайлары жеке тұлғалардың пайдасына заңсыз берілген, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
"Мәселен, 2003 жылы "Имсталькон" АҚ Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша жаңа жолаушылар терминалын салды. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңартылған терминалдың сауда алаңдарының бір бөлігі мердігерге шарт бойынша 333 млн теңге мөлшерінде қалған соманы өтеу үшін берілген. Ішкі мемлекеттік аудит құрылыс салушы алдында қандай да бір берешек болмағанын анықтады", - деп мәлімдеді ведомство.
Авиациялық көлік прокуратурасы әкімдікке осы объектілерге меншік құқығын қайтару үшін Түрксіб аудандық сотына жалпы ауданы 1 118,5 ш.м. жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын иеліктен шығаруға байланысты барлық мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген. Прокуратураның талап-арызы сотта қанағаттандырылды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар