Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жанболат Мамайға қатысты сот үкім оқыды

Жанболат Мамайға қатысты сот үкім оқыды
ашық дереккөз
Алматы қаласында қоғам белсендісі Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
Мамайдың ісі Бостандық ауданының 2 сотында қаралды. Оған бірнеше бап бойынша айып тағылған болатын. Соның ішінде билік өкілдерін қорлау, көрінеу жалған ақпарат тарату және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру әрекеттері бар.
Сот материалдарына сәйкес, Мамай Алматы қаласында тіркелмеген партияның заңсыз митингін өткізгенде полицияны көпшілік көзінше балағаттаған. Сонымен қатар әлеуметтік желіде тіркелмеген партия қатарына қосылуға үндеді. Кредиттік рақымшылық жасалатыны туралы жалған ақпарат таратып, халықты банктер мен микроқаржы мекемелеріне арыз түсіруге шақырды.
Сондай-ақ сот материалында Мамайдың қаңтар оқиғасы кезінде "Алматы арена" мұз сарайының жанында заңсыз митинг ұйымдастырып, билікті ауыстыру қажет деп айтқаны тіркелген. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсеткені де назарға алынды.
Сот үкімін шығару кезінде жазаны жеңілдетітін мән-жайлар ескерілді. Мамайдың асырауында үш кішкентай баласы бар. Сондай-ақ оған оң мінездемелер берілді. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
"Бұл ретте билік өкілдерін қорлау бойынша ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты іс жүргізу тоқтатылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабы негізінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Оған қоса, Мамайға 6 жыл бойы әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар