Басты жаңалықтар
Шавкат Рахмонов: Қарағандыға көшіп келгенде анам төрт баламен бір бөлмелі үйдің асханасында тұрдық
- автор kyn.kz
- 11 сәуір, 2023
- 245
Рахмонов: Чемпион болғанға дейін Қарағанды базарында жүктасушы болдым
Шавкат Рахмонов өзі және отбасы жайлы ашық әңгіме айтты. Ол өзінің "жұлдызды" өмірі жайлы сыр шертті. Спортшы бүгінде үш баланың әкесі екенін айтты. Ол дайындық кезде отбасын Алматыда қалдырып, өзі шетелде дайындалады екен. Өйткені, жаттығу кезінде, жекпе-жек алдында спортшыда мүлде жеке өмірге уақыт болмайды екен, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
"Өз отбасымды көп көрсеткім келмейді. Оларды көпшілікке көп таныта беру, араластыру дұрыс емес деп ойлаймын. Ол деген мен өз отбасымнан ұялады деген сөз емес. Біз балалар ата-ананы таңдамаймыз. Қандай болсада отбасымызды жақсы көреміз.
Мен нағашы әжемнің тәрбиесінде болдым. Әкем жағының өмірге көзқарасы басқаша болған шығар. Оларға еш өкпем жоқ. Бірақ нағашы әжем мені үнемі көтермелеп "Жарып шығады" деп мені айтып отыратын. Одан басқа мені ешкім осындай деңгейде көтеріледі деп ойлаған да емес.
Бізді анам баққан. Әкем ешқашан жұмыс істемеген. Анам екі адамның міндетін атқарды. Нағашыларым бізді үнемі демеп отырды. Жүрегім сол жаққа бұрып тұрады. Үш жасымнан әжемнің қасында жаттым. Ол кісі қайтыс болғанша бір бөлмеде, қасында жаттым. Әжемнің тәрбиесінен жаман болдым деп айта алмаймын",- деді Шавкат Рахмонов Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында.
Спортшы анасының жалғызбасты өмірде қатты қиындық көргенін айтты.
"Қарағандыға келгенде, бір бөлмелі үйдің асханасында тұрдық. Анам төрт баламен сол жерде сығылысып тұрдық. Адамдар ойлайтын шығар, жағдайы мықты деп. Бірақ бір кісідей қиындық көрдік. Туыстар құжат жағынан көмек берді.
Шымкентте құжат жинап, оралман кітапшасын алу үшін вокзалда жатқан кезіміз болды. Қазір барсам жұрт жылқы сыйлап, аяғымды жерге тигізбейді. Қазіргі жағдайымды өзім түсінбеймін осыншалықты жағдайға жеткенімді. Анемды, әкемді түсінемін. Әкем өз ісіне өзі жауап береді. Анамда пәтер бар. Анам сауда жасап, бәріміз жеміс саттық. Ағаларым сол Қарағандыда. Қазір бұрыңғыдай саудалары жоқ. Базар тіршілігін жақсы білемін",-дейді спортшы.