Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тұмар атымен танылған Тик-Ток жұлдызы қазіргі жағдайын айтып көпшілікті жылатты

Тұмар атымен танылған Тик-Ток жұлдызы қазіргі жағдайын айтып көпшілікті жылатты
ашық дереккөз
Тұмар: Барлығы мені жеңіл- желпі, ерігіп жүрген әйел деп ойлайды
Жеңісгүл Құлниязова бүгінде бүкіл Қазақстанға танымал. Ол желіде тікелей эфирде билейді, тілек айтады, отырған орнында жағдайға байланысты өлеңдетіп жіберетіні де бар, деп жазды "Қыздар- ай" бағдарламасына сілтеме жасаған "КҮН.КЗ" тілшісі. "Мен күліп, ойнап жүргеніммен ішімде өзімнің жараларым бар. Бірінші күйеуіммен жастай тұрмысқа шығып, жараспадық. Сүйіп қосылдық, енеме еш жақпадым. Үй шаруасында пысық болсам да енемнің көңілінен шыға алмадым. Бір қызбен ажырасқанда ажырасқан күйеуім сотталып кетті.Екінші күйеуім өзімнен үлкен болды. Ол нашақор болды. Ол мені ұрып, өмірім жылаумен жалғасты. Онымен де ажырастым. Сол кезде айналамдағылар өзім сияқты бұрын некесі сәтсіз болған ер адаммен таныстырып, тұрмысқа шықпауыма қоймады. Еш махаббатсыз шықтым. Ол өткен екі күйеуімнен де жаман. Қазір сол бөлек тұрамыз. Одан үш балам бар. Өз өмірімнен түйгенім, қыздарға сабақ болсын. Қыздар, бір ажырастыңыз ба, қайта қосылмаңыз. ол адам ұрғанын, жаман әдетін қайталайды. Күйеуің дұрыс болса, бір рет те ажырасуға апармайды. Екіншіден енелер, ұлыңыз үйленсе келін қандай болса да қабылдап үйреніңіз. Тиісуді, түртпектеуді қалаған адам мінді табады бәрібір. Сол үшін бүкіл кемшілігімен қабылдасаңыз түзеледі",- деді Тик-  ток жұлдызы Тұмар. Жеңісгүл Құлниязова бүгінде желі арқылы табыс тауып, отбасын асырап отыр. Бірақ оның видеолоарын көрген туған анасы мен бауырлары үнемі одан желіге шығуды тоқтатуды талап етеді екен. Сол үшін де аралары дұрыс емес екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар