Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда бірінші сынып оқушылары бір ғана тіл оқитын болды

Қазақстанда бірінші сынып оқушылары бір ғана тіл оқитын болды
ашық дереккөз
Екінші сыныптарға жаңа оқу жылынан бастап шет тілі оқытылмауы мүмкін. Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысы қоғамдық талқылауға салынды, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Бұл бастауыш сынып оқушыларына жүктемені азайту мақсатында істелініп отыр. Яғни министрліктегілер оқушылардың қазақ тілін жіті меңеруіне назар аударып отыр. Енді келесі оқу жылынан бастап 1-сынып оқушысы тек бір ғана тіл оқиды. Ал орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан қосылады.  Бастауыш сынып оқушыларына  «Көркем еңбек» пәні «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» болып екіге бөлінеді. Бұл әр пәнге көбірек уақыт бөлу мақсатында енгізілмек. Бірақ түпкілікті шешім қабылданып, аталмыш өзгерістер оқу бағдарламасына әлі енгізілген жоқ. Түзетулер 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылаудан өткізілуге тиіс. "Негізгі мақсат — оқушыларға жүктемені азайту. Сондайақ бірінші кезекте оқушылардың ана тілін үйренуіне баса назарын аудардық. 2023-2024 оқу жылынан бастап 10 және 11-сыныптарда ағылшын тілін үйрену бір сағатқа көбейтіледі. Яғни жаратылыстануматематикалық бағыттағы сыныптарда ағылшын тілі үш сағат, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда төрт сағат оқытылады",— дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің бас сарапшысы Гүлмира Құлсариева.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар